Ұлттық Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

Ұлттық Қорғаныс министрлігі АҚШ-тың «S-400» жүйесі тақырыбындағы хатына Анкараның жауабын жолдады.

1221425
Ұлттық Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

Ұлттық Қорғаныс министрлігі АҚШ-тың «S-400» жүйесі тақырыбындағы хатына Анкараның жауабын жолдады.

Хатта Түркияның табандылығына назар аударылды. Одақтастық рухына сәйкес келмейтін жазу стилінің мазасыздық туғызғаны тілге тиек етілді. Өзара құрметтеу ережесіне негізделген келіссөз жүргізу керектігіне назар аударылды.

Хатпен байланысты мәлімдеме жасаған Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар АҚШ-пен ұзақ мерзімді ынтымақтастық пен одақтастық қарым-қатынасқа ие екендерін атап көрсетті. Осы одақтастық рухына сәйкес қозғалуды жақтағандарын тілге тиек етті.

Акар айдың соңында Осакада жүзеге асатын Үлкен жиырмалық тобы елдері саммиті аясында президент Ердоғанның АҚШ президенті Трамппен бас қосатынын атап көрсетті.

Анкара-Вашингтон арасында «S-400» әуе қорғаныс және зымыран жүйесімен байланысты пікірталастар жалғасып жатқанда, НАТО-дан ресми мәлімдеме жасалды. НАТО қолбасшысы Вольтерс Түркия мен АҚШ армиялары арасында ынтымақтастықтың «болымды» бағытта жалғасқанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар