Сыртқы істер министрі Солтүстік Иракта
Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуны Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігі басшысы Нечирван Барзани қарсы алды.
Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігі басшылығына сайланған Нечирван Барзанимен бас қосты.
Барзанидің ант ішу рәсіміне қатысу үшін Эрбильге барған Чавушоғлу Эрбиль халықаралық әуежайында Нечирван Барзани, Түркияның Бағдаттағы өкілетті елшісі Фатих Йылдыз және басқа да лауазымдылар тарапынан қарсы алынды.
Министр Чавушоғлу әуежайда Барзанимен оңаша кездесті.
Мевлүт Чавушоғлу сапары аясында Эрбильде Ирак президенті Берхем Салих, Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігі қауіпсіздік агенттігі кеңесшісі Месрур Барзани және Ирак Түрікмен майданы төрағасы Эршад Салихимен де бас қосуды жоспарлауда.
Ұқсас жаңалықтар
Террормен күрес Ирактың солтүстігінде жалғасуда
Ұлттық қорғаныс министрлігі әуе операциясы жасалғанын мәлімдеді.
Президент Ердоған «1 мамыр Еңбек және ұйымшылдық күнімен» құттықтады
Президент Ердоған әлеуметтік желідегі аккаунтынан хабарлама жариялады.