Акар "Пенче" операциясы арқылы террордың кіретін іні қалмайтынын айтты

Хулуси Акар "Пенче" операциясын жүргізудегі мақсаттарының Түркияға Ирактың солтүстігінен келетін террористік қауіптің толығымен жойылуы екенін хабарлады.

1210733
Акар "Пенче" операциясы арқылы террордың кіретін іні қалмайтынын айтты

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар "Пенче" операциясын жүргізудегі мақсаттарының Түркияға Ирактың солтүстігінен келетін террористік қауіптің толығымен жойылуы екенін хабарлады. 

Хулуси Акар Бас Штаб төрағасы генерал Яшар Гүлер және Әуе күштері қолбасшысы Хасан Күчүкакюзбен бірге зерттеу және бақылау мақсатымен Аданаға барды.

Аданада 27 мамырда бөлшектеуші террористік ұйым ПКК-ға бағыттап жүргізілген "Пенче" операциясына байланысты мәлімдеме жасаған Акар:

"Түрік әскерлері тарапынан террористердің аталмыш аймақта кіретін үңгірі мен іні қалмайды. Барлығы толық жойылады. Кандил, Асос және басқа жерлерде анықталған террор нысаналары тұңғыш рет толығымен жергілікті және ұлттық құрлық қолдау құралдарымызбен атылды" деп көрсетті.

Сирияның Идлиб аймағынадағы оқиғаларды бағаландырған Акар:

"Идлибте тұрақтылықтың дереу орнауы және атысты тоқтату үшін Ресеймен кездесулерімізді жалғастырудамыз" деді.



Ұқсас жаңалықтар