Өкілетті елші Фарук Каймакчы ЕО рапортын сынға алды

«Рапорттағы әділетсіз және орынсыз сындарды қабылдауымыз мүмкін емес».

1210689
Өкілетті елші Фарук Каймакчы ЕО рапортын сынға алды

Сыртқы істер министр орынбасары және Еуропа Одақ Басқармасы төрағасы, өкілетті елші Фарук Каймакчы ЕО Комиссиясының Түркия рапортының әділетсіз және орынсыз сындарға толы екенін және қабылданбағанын атап көрсетті.

Каймакчы ЕО Басқармасында міндет мерзімі қазан айының соңында аяқталатын қазіргі ЕО Комиссиясының 2019 жылғы Кеңею пакеті аясында бүгін жариялаған соңғы «Түркия рапортына» қатысты баспасөзге мәлімдеме жасады.

Түркияның рапортының орынды және мақұл сындарын назарға ала отырып, реформалау жұмыстарына үлес қосқан болымды тұстарды баса айтқан Каймакчы «Рапорттағы әділетсіз және орынсыз сындарды қабылдауымыз мүмкін емес» деді.

Каймакчы рапорттың ЕО-тың өз болмысынан туындаған дағдарыстарды қамтымағанын атап, Еуропа парламентіндегі сайлауларда байқалғандай белгілі ағымдардың Еуропа қоғамында бағаланғанын білдірді.

Өкілетті елші Каймакчы «Рапортта Түркияның Еуропа құндылықтарынан алыстағаны жөнінде тұрақсыз және өтімсіз кейбір сөйлемдер бар. Түркия мықты түрде бір орнында тұрады. Түркия Еуропаның бір бөлігі. Түркия Еуропа деген сөз» деді.

Рапортта бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның Еуроодақ террор тізімінде орын алғанын және Фетуллахшы террор ұйымының (FETÖ) Түркия тарапынан террор ұйымы болып атап көрсетілгенінің осы жыл да атап көрсетілуінің маңыздылығына тоқталған Каймакчы «Дегенмен мәтінді тұтас қолға алғанда, FETÖ-нің азаматтық қоғам ұйымы сияқты «Гүлен қозғалысы» деп аталуы қабылданбайды. Еуроодақтың осы тақырыпта одан батыл бір мәтін ортаға қоюын күткен едік» деді.



Ұқсас жаңалықтар