Түркия АҚШ сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне наразылық көрсетті

Түркия Шығыс Жерорта теңізінде жалғасқан бұрғылау жұмыстарымен байланысты АҚШ жасаған мәлімдемеге жауап қайтарды.

1195988
Түркия АҚШ сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне наразылық көрсетті

Түркия Шығыс Жерорта теңізінде континенттік шельфте бұрғылау жұмыстарымен байланысты АҚШ Сыртқы істер министрлігінің кешегі мәлімдемесінің шындыққа жатпағанын жариялады.

Сыртқы істер министрлігі Шығыс Жерорта теңізінде жалғасқан бұрғылау жұмыстарымен байланысты АҚШ жасаған мәлімдемеге жауап қайтарды.

Министрлік мәлімдемесінде АҚШ-тың понтилердің заңды түрде өздерінікі деп алға тартқан аймақпен байланысты шектеулі келісім жасалғандай көрсетіп, Түркияға шақыру жасауының бұрыс және халықаралық заңдарға қарама-қайшы бір ұстаным екенін білдірді.

Мәлімдемеде Кипр Понти тарапының аймақ елдерімен жасаған Бөлінген экономикалық аймақты шектеу келісімдерінің әрі Түркия, әрі Кипрлық түріктері үшін ешбір мағынасы жоқ екенін атап көрсетілді.

Түркияның аймақтағы континенттік шельфін халықаралық қоғамға жариялағаны және БҰҰ алдында тіркелгені атап көрсетілген мәлімдемеде «Аймақта барлық тиісті жағалау көршілері арасында халықаралық заңдарға сәйкес әділдікке сүйенген шектеу келісімдері әлі толықтырылмаған. Жағдай осылай болған кезде тараптардың өздерін халықаралық соттың орнына қойып теңіз шекараларын қайдан өтетінін белгілеу жұмыстары қабылданбайды. Осы тұрғыдан АҚШ-тың понтилер өздерінің «заңды» деп алға тартқан аймақпен байланысты шектеулі келісім жасалғандай көрсетіп, Түркияға шақыру жасауының бұрыс және халықаралық заңдарға қарама-қайшы бір ұстаным» делінді.

Түркияға тиесілі сейсмикалық бұрғылау және сейсмикалық құрлық шекараларында іздеу және бұрғылау жұмыстарының табандылықпен жалғасатыны атап көрсетілген мәлімдемеде «Сондай-ақ Понти тарапы Аралдың тең ортағы Кипр түріктерін көмірсутек көздері тақырыбында шешім қабылдау механизміне қосылмайынша немесе бір жақты көмірсутек жұмыстарын тоқтатпайынша Түркия, Кипр түріктерінің де континенттік шельф құқығын қорғайды» делінді.



Ұқсас жаңалықтар