"Евфрат өзені шығысынан Түркияға бағытталған бір террор қаупін қабылдамаймыз"

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар жекеменшік бір телеарнаға сұхбат берді.

1194552
"Евфрат өзені шығысынан Түркияға бағытталған бір террор қаупін қабылдамаймыз"

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Сирияның солтүстігінде Евфрат өзенінің шығысында Түркияға бағытталған бір террор қаупін қабылдамайтындарын атап көрсетті.

Акар күн тәртібімен байланысты сұрақтарға жауап қайтарды.

Акар «Досымыз, одақтасымыз, стратегия ортағымыз АҚШ-тан біздің талабымыз, біз үшін PKK террор ұйымынан айырмашылығы жоқ YPG-ні дереу аймақтан шығаруы, қолдарындағы АҚШ қаруларын жинауы және шекараларымыздан кем дегенде 30-40 шақырым оңтүстікке қарай жылжытуы» деді.

Акар сондай-ақ Сирияда құрылуы жоспарланған қауіпсіз аймақтың Түркияның бақылауында болуға тиісті екенін атап көрсетті.

Ресейден сатып алынатын S-400 әуе және зымыран қорғаныс жүйесінің F-35 соғыс ұшағына қауіп төндіретіндей қауіпті екені жөніндегі қауесеттерге Акар «F-35 соғыс ұшақтары мен S-400 әуе және зымыран жүйесі кезкелген түрде бір-біріне ықпал етпейді. Осымен байланысты қабылдауға тиісті барлық шараларды қабылдадық» деп жауап қайтарды.

Министр Акар АҚШ-тан келген патриот жүйесі қамтамасыз етумен байланысты келіссөздердің де жалғасқанын атап көрсетті.

Сирияның Телль-Рыфат аймағындағы YPG/PKK болмысына назар аударған Акар «Ресейдің сол жердегі YPG мүшесі террористтердің шығарылатыны тақырыбында кейбір уәделері бар. Бірақ қазірге дейін өкінішке орай жүзеге асқан жоқ» деді.



Ұқсас жаңалықтар