Балалардың мерекелік іс--шаралары Аныткабірде басталды

Балалар Аныткабірдегі рәсімге қатысты.

1188487
Балалардың мерекелік іс--шаралары Аныткабірде басталды
2019_nisan_anitkabir_3.jpg
2019_nisan_anitkabir_2.jpg
2019_nisan_anitkabir.jpg

23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар мерекесі мен Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің (ТҰҰМ) ашылуының 99 жылдығы ел көлемінде тойлануда.

Рәсімдерінің алғашқы аялдамасы Аныткабір болды.

Ұлттық білім беру және оқу министрі Зия Селчук басшылығындағы делегация Аныткабірдегі рәсімге қатысты.

Қызыл және ақ қалампырмен безендірілген гүл шоғын ұстаған балалар Арыстанды жолмен жүріп Ататүріктің мавзолейіне келді.

Гүл шоғы тағзым етіліп, Ұлттық әнұран орындалды. Кейін Мисак-ы Милли мұнарасына өткен министр Селчук пен балалар Аныткабір естелік кітапшасына қол қойды.

Мәжілістегі Ататүрік ескерткіші алдында ұйымдастырылған рәсімде ТҰҰМ төрағасы Мұстафа Шентоп Ататүрік ескерткішіне гүл шоғы қойылған соң ұлттық әнұран орындалды.

Ататүрік ескерткішіндегі рәсімге вице-президент Фуат Октай мен үкіметтен кейбір лауазымдылар қатысты.



Ұқсас жаңалықтар