Екі министрлік арасында ынтымақтастық хаттамасы

Спорттық лицейлер жаңаланып, түлектеріне жаттықтырушы құжаты беріледі.

1186282
Екі министрлік арасында ынтымақтастық хаттамасы

ТР Білім беру министрлігі мен Жастар және спорт министрлігі арасында ынтымақтастық хаттамасына қол қойылды.  Осы хаттама шеңберінде спорт лицейлерінің бағдарламасы жаңаланып,  түлектеріне бірінші дәрежеде жаттықтырушы құжаты беріледі.

Ынтымақтастық хаттамасына Білім беру министрі Зия Селчук пен Жастар және спорт министрі Мехмет Мухаррем Касапоғлу қол қойды.

Ынтымақтастық хаттамасы оқушыларды спортқа ерте жаста баулуды, қабілетті оқушыларды анықтауды мақсат етеді.

Министр Селчук спортқа байланысты көптеген жылдан бері армандаған арманына қол жеткізгенін,  мектептерге байланысты көзқарастарының жүзеге асырыла бастағанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар