Еуропа Парламентінің Түркия рапорты

Еуропа Парламенті 2018 Түркия рапортында "Еуропа Одағының Түркиямен келіссөздерін ресми тоқтатуға" шақыру тасталды.

1162964
Еуропа Парламентінің Түркия рапорты

Еуропа Парламенті 2018 Түркия рапортында "Еуропа Одағының Түркиямен қатысу келіссөздерін ресми тоқтатуға" шақыру тасталды.

Еуропа Парламентінің голландиялық мүшесі Кати Пири тарапынан дайындалған "2018 Түркия рапорты" Францияның Страсбург қаласындағы Жалпы Кеңесте дауысқа салынды.

"Еуропа Одағының Түркиямен қатысу келіссөздерін ресми тоқтату"  ұсынысы орын алған рапорт 109 дауысқа қарсы 370 мақұлдаумен қабылданды. 143 парламентар қалыс қалды.

Ұсыныс ерекшелігіндегі және ешқандай тәуелділігі болмаған рапортта Түркияның наразылығын қозғайтын көптеген тақырып тізілген. 

Анкара мен Еуроодақ арасындағы дипломатиялық байланыстар ЕП рапортындағы ұсыныстың керісінше, жылдамдай түсті.

Еуропа Одағы  мен Түркия арасындағы ең жоғарғы шешім органы болып табылатын "Ортақтық Кеңесі" жиналысы мөлшермен төрт жылдан кейін бүгін Бельгияның астанасы Брюссельде өткізіледі. 

Жиналысқа Сыртқы істер министрі Мевлут Чавушоғлу, Еуроодақтан Жоғары дәрежелі өкіл Федерика Могерини төраға болады.  

Еуроодақпен ұйымдық диалогтың жалғасуы және түрлендірілуі тұрғысынан маңызды болған жиналысқа Еуроодақ комиссиясының Кеңеюге жауапты мүшесі Йоханнес Хан да қатысады.

Тараптар аймақтық тақырыптар мен екі жақтылы қарым-қатынастарды көлемді түрде кеңеседі.

  Осы аяда, түрік азаматтарының виза еркіндігі, Кеден Одағының жаңғыруы, қатысу процесіндегі дамулар, террормен күресте ынтымақтастық сияқты тақырыптардың талқыға түсуі күтілуде. 



Ұқсас жаңалықтар