Түркия да Boeing ұшақтарын ұшырмайды

Түркия да Boeing 737 MAX үшін шара қолданды.

1162194
Түркия да Boeing ұшақтарын ұшырмайды

Түркия да Boeing 737 MAX үшін шара қолданды. 

Қатынас және инфрақұрылым министрлігі Boeing 737 MAX 8 және Boeing 737 MAX 9 типті әуе көліктерінің рейстерін екінші шешімге дейін тоқтатты.

Шетелде бес айда екі рет апатқа ұшыраған осы ұшақтарға байланысты тексеру министрлікке қарасты Азаматтық авиация басқармасы тарапынан жүргізіліп жатқаны білдірілді.

 Министрліктің хабарламасында: «Аталмыш тексеру нәтижесінде Boeing 737 MAX 8 және Boeing 737 MAX 9 типті ұшақтардың рейстері қауіпсіздік мақсатымен екінші бір шешім берілгенге дейін тоқтатылды» деп айтылды.

Осы тақырыпқа байланысты басқа бір хабарлама Түрік Әуе жолдарынан келді.  Түрік авиакомпаниясының баспасөз қызметі рейс қауіпсіздігі және жолаушы қауіпсіздігінің әрқашан алғы шепте екенін білдіріп: «Түрік Әуе күштері өз флотындағы 12 дана Boeing 737 MAX типті жолаушы ұшағының рейстерін 13 наурыз күнінен бастап тоқтатты» деп хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар