Ердоған армян Архиепискобына көңіл айтты

Елбасы Ердоған Түркия армяндарының патриархы Месроп Мутафянның қайтыс болуына орай Архиепископ Арам Атешянға көңіл айтты.

1159965
Ердоған армян Архиепискобына көңіл айтты

Түркия армяндарының патриархы Месроп Мутафян емделіп жатқан Йедикуле Сурп Пыргич армиян емханасында қайтыс болды. 

Армян Қорлар Одағы және Сурп Пыргич Армян емханасының қорлар төрағасы Бедрос Шириноғлу 63 жасқа келген патриарх Мутафянның бүгін қайтыс болғанын білдірді.

Төраға Шириноғлу жерлеуге байланысты жағдайлардың кейін жарияланатынын білдіріп, армян қоғамына көңіл айтты.

Елбасы Режеп Таип Ердоған Түркия армяндарының патриархы Месроп Мутафянның қайтыс болуына орай патриархтың өкілі Архиепископ Арам Атешянға телефон шалып, көңіл айтты. 

Елбасылығы Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеде Елбасы Ердоған Түркия армяндарының патриархы Месроп Мутафянның қайтыс болуына орай патриархтың өкілі Архиепископ Арам Атешянға телефон шалып, көңіл айту тілектерін жеткізгені білдірілді.  



Ұқсас жаңалықтар