Жаңа мешіт ғибадатқа ашылды

Стамбулдың ең биік төбесіне салынған Чамлыджа мешіті ғибадатқа ашылды.

1158950
Жаңа мешіт ғибадатқа ашылды
camlica cami2.jpg
camlica cami1.jpg

Стамбулдың ең биік төбесіне салынған Чамлыджа мешіті ғибадатқа ашылды.

Құрылысы 2013 жылы басталған мешітте алғашқы азан бүгін таңда оқылды.

Ашылу салтанатына Әділет және даму партиясының Стамбул муниципалитет басшылығына кандидаты Бинали Йылдырым да қатысты.

Йылдырым таң намазымен ашылған жаңа мешіттің керемет туынды екенін айтты.

63 мың адам сыятын бір кешен ретінде жобаланған Чамлыджа мешітінің ресми түрдегі ашылу салтанаты президент Ердоғанның қатысуымен өткізіледі.

Кешенде 11 мың шаршы метрлік мұражай, 3500 шаршы метрлік өнер галереясы, 3 мың шаршы метрлік кітапхана,  мың адамдық конференция залы, 8 өнер шеберханасы, 3500 көлік сыятын бекет орналасқан.



Ұқсас жаңалықтар