Түркия S-400 зымырандары жайлы өз мүддесін ойлауда

Вице-президент Фуат Октай АА-ның "Редакторлар үстелі" атты бағдарламасында журналисттердің сұрақтарына жауап қайтарды.

1158852
Түркия S-400 зымырандары жайлы өз мүддесін ойлауда

Вице-президент Фуат Октай Түркияның Ресейден S-400 әуе қорғаныс жүйесі сатып алу тақырыбында «Түркия S-400 зымырандарымен байланысты өз мүддесін ойлап, қажетті шешімді өзі қабылдады» деді.

Фуат Октай Анадолы агенттігінің "Редакторлар үстелі" атты бағдарламасында журналисттердің сұрақтарына жауап қайтарды.

Түркияның шешім қабылдағанда тек қана өз мүддесін назарға алғанын атап көрсеткен вице-президент Октай «Кезкелген мәселеде әсіресе келісімге қол қойылған бір тақырыпта қажетті шараны қолданармыз. Түркияның қасарушылық сияқты ұстанымдары да жоқ» деді.

Евфрат өзенінің шығысына бағытталатын бір операция ықтималына қатысты Фуат Октай «Бүгін басталатындай дайынбыз» деді.

Вице-президент Түркияға қарсы қауіпсіздік мәселесі туғызатын ешбір шараға рұқсат берілмейтінін атап, «Мұндай бір жағдай болғанда, бір күні түнде басып кіреміз, мұны да жасаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар