Түркия "S-400 әуе қорғаныс жүйесі" тақырыбында кері қадам баспайды

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресейден әуе қорғаныс жүйесі S-400 сатып алу тақырыбында кері қадам баспайтындарын атап көрсетті.

1158559
Түркия "S-400 әуе қорғаныс жүйесі" тақырыбында кері қадам баспайды

Ердоған «Орыстармен келістік, ортақ өндірісті бастаймыз, бәлкім S-400 зымырандарының артынан S-500 сатып алатын шығармыз» деді.

Президент жекеменшік бір арнаның күн тәртібімен байланысты сұрақтарына жауап қайтарды.

S-400 зымыран жүйесі тақырыбында кейбір орталардың Түркияға бағытталған қысымдарымен байланысты бір сұраққа қайтарған жауабында Ердоған «S-400 тақырыбында біз жұмысты тындырдық, мұны әңгіме қылудың керегі жоқ. Өйткені әрі құрметті Путин, әрі Ресеймен біз осы келісімді жасадық. Яғни несие тақырыбынан бастап, ортақ өндіріс шарттары қарастырылды. Келісім жасалып, қолдар қойылды. Бұдан кейін кері қадам басуымыз мүмкін емес. Өйткені бізге осындай бір ақлақсыздық жараспайды» деді.

S-400 әуе қорғаныс жүйесін орыстармен ортақ өндіре алатындарына назар аударған Ердоған «Бәлкім S-400 зымырандарының артынан S-500 сатып алатын шығармыз. Бізге S-400 зымырандарын сатып алуымызға қарсы шыққандар неліктен (S-300 сатып алған) Грекияға да қарсы шықпайды? Неге Болгарияға, Словакияға қысым жасамайды? Олар да сондай-ақ НАТО мүшесі елдер сол жерлерге де қысым жасаңыз! Неге жасай алмай отырсыз?» деді.

НАТО Бас хатшысының S-400 зымырандарын сатып алумен байланысты «Бұл ортақтарымыздың табиғи құқығы. Біз араласа алмаймыз» дегенін жеткізген Ердоған «Өте ыңғайлы болу шарттарымен S-400 келісімін жасадық. Бізге тапсыру мерзімін шілде айына дейін шегерді. Шілде айында иншалла алғашқы тапсырыстарды қабылдаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар