"Сенімді аймақтың бақылауын ешкімге бермейміз"

Ердоған жеке меншік бір телеарнаның тікелей эфиріне қатысты.

1153283
"Сенімді аймақтың бақылауын ешкімге бермейміз"

Президент Режеп Тайып Ердоған Сирияда сенімді аймақтың бақылауын ешкімге бермейтіндерін айтты.

Ердоған жеке меншік бір телеарнаның тікелей эфиріне қатысты.

Түркияның Сирияның солтүстігіндегі террористтерге қарсы күреске көп көңіл бөлгенін атап көрсетіп, Ердоған кейбіреулердің Түркияның Сирия шекарасы бойынша ұяшық құрған террорлық ұйым YPG/PKK қаупін елемейтінін айтты. «Сенімді аймақтың бақылауын ешкімге бермейміз» деген Ердоған: «Біз үшін маңыздысы – сенімді аймақтың бақылауының Түркияда болуы.  Біз бұны Германияға да,  Францияға да, Америка Құрама Штаттарына да бере алмаймыз. Түркиясыз Сирия дағдарысы шешілмейді.  Мұны әлемдегі барша айтып жүр» деді.

Ердоған Америка Құрама Штаттарының Сириядан шегіну шешімінің уақыт ұту ісіне айналмауы керектігін білдірді. «Егер бұл уақыт ұтуға айналса,  ұстанымымыз өзгеше болады.  Олардың әскерлерінің көбі кетеді,  300-400 шақты немесе 200 әскер қалады» деді ол.

Президент Ердоған Еуропа Одағын да сынады. «Еуропа Одағы тартымдылығынан айрылып қалды.  Еуропа мазасыз.  Осылай жалғасатын болса қайда барады? Біз өз бағытымызды анықтаймыз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар