Акар Сирияның шығысын террордан тазалау жобасы дайын екенін айтты

Акар Сирияның солтүстігінде террористердің дәлізі құрылуына мүмкіндік берілмейтінін атап көрсетті.

1151514
Акар Сирияның шығысын террордан тазалау жобасы дайын екенін айтты

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Сирияда Манбидж пен Евфраттың шығысының террористтерден тазалануы үшін жасалған жобаларының дайын тұрғанын айтты. 

Хулуси Акар Кайсеріде президент Режеп Таип Ердоғанның қатысуымен ұйымдастырылған Әділет және даму партиясының митингінде жасаған баяндамасында Сирияның солтүстігінде әрқандай жолдармен террористердің дәлізі құрылуына әсте мүмкіндік берілмейтінін атап көрсетті.

Акар: "Сирияда Манбидж пен Евфраттың шығысының террористтерден тазалануы, шекараларымыздың амандығын қамтамасыз ету және сириялық бауырластарымыздың  үйлеріне аман-есен қайтулары үшін жасалған жобаларымыз дайын тұр. Уақыты, сағаты келгенде президент Ердоғанның бұйрығы бойынша аталмыш жобаларымыз орындалады" деп көрсетті.

Теңіздерде де  құқықтардың қорғалуы мақсатымен әр түрлі іс-шаралар жасалғанын білдірген Акар:

"Эгейде, Шығыс Жерорта теңізінде, Кипрде, Қаратеңізде түрліше шаралар жасалды. Түркияға қарамай қадам басқысы келгендердің табысқа жету мүмкіндіктері жоқ. Осы аталған жерлерде ойларына келгенін істеулеріне әсте жол берілмейді" деп баса дәріптеді. 

 



Ұқсас жаңалықтар