Чавушоғлұ Кипрде мұнай бұрғылау жұмыстарынының басталатынын айтты

Чавушоғлұ Жерорта теңізінде Түркиясыз ешқандай жұмыс жасалмайтынын, бұған жол берілмейтінін білдірді.

1149936
Чавушоғлұ Кипрде мұнай бұрғылау жұмыстарынының басталатынын айтты

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ алдағы күндерде Кипр төңірегінде екі кемемен мұнай бұрғылау жұмыстарынының басталатынын хабарлады. 

Айдында іскерлер әлемі жиналысында баяндама жасаған Мәвлүт Чавушоғлұ: "Кипр біз үшін әрі стратегиялық бір нысана, әрі ұлттық бір арманымыз" деп көрсетті.

Эгей теңізі, Шығыс Жерорта теңізі және Кипр төңірегіндегі көмірсутек байлықтарының Түркия үшін алғанда әрі стратегиялық бір нысана, әрі ұлттық бір арман екенін дәріптеген Чавушоғлұ: "Кипрдегі түрік халқының және Түркияның құқықтарын әсте таптатқан емеспіз, бұдан кейін де таптатпаймыз" деді.  

Алдағы күндерде Кипр төңірегінде екі кемемен мұнай бұрғылау жұмыстарының басталатынын білдірген Чавушоғлұ:  "Тарихта Барбарос Хайреттин Паша сейсмикалық зерттеулер жүргізген. Қазір платформамыз бар. Алания аймағында наурыз айына дейін бұрғылау жұмысын жүргіземіз. Ол аяқталғаннан кейін  Кипрға барамыз. Жаңа платформамыз жақында орнатылады. Мұны орнату себебіміз - ол аймақта біз қатыспаған ешқандай жұмыс жасалмайтынын, ол жерге ұзақтан келгендер мен олардың компанияларына көрсету" деп баса дәріптеді.

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Жерорта теңізінде Түркиясыз ешқандай жұмыс жасалмайтынын, бұған жол берілмейтінін білдірді. 



Ұқсас жаңалықтар