Ұлттық Қорғаныс министрі TRT-World телеарнасына мәлімдеме жасады

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Сирияда Евфраттың шығысында құрылатын қауіпсіз аймақта YPG/PKK-ның болмау керектігін атап көрсетті.

1146719
Ұлттық Қорғаныс министрі TRT-World телеарнасына мәлімдеме жасады

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Сирияда Евфраттың шығысында құрылатын қауіпсіз аймақта бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-ның болмау керектігін атап көрсетті.

Хулуси Акар Мюнхен Қауіпсіздік Конференциясы аясындағы байланыстырының артынан Түркия Радио теледидар корпорациясының (TRT) ағылшын тілінде эфир таратқан TRT-World телеарнасына мәлімдеме жасады.

Евфраттың шығысында құрылатын қауіпсіз аймақта YPG/PKK террор ұйымының болмау керектігін білдірген Акар «Негізгі мақсат шекараларымызды, халқымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» деді.

Ешбір елдің шекарасында террорист қаламайтынын атап көрсеткен Ұлттық Қорғаныс министрі Түркияның жалғыз нысанасының аймақты YPG/PKK мен ДАИШ сияқты террор ұйымдарынан тазалау екенін атап көрсетті.

Акар Евфрат қалқаны операциясын еске салып, «Кем дегенде 3 мың ДАИШ-тік террористті залалсыздандырдық. Операцияның артынан кем дегенде 300 мың адам Түркиядан Сириядағы үйлеріне оралды. Сирияның солтүстігі террористтерден тазаланған кезде осы аймақтан кеткендер де үйлеріне оралады» деді.

Террор ұйымы YPG/PKK-ның жазықсыз адамдарға бағытталған жауыздығына назар аударған Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар «Араб пен күрд бауырларымызға қолдауымыз жалғасады» деді.

Акар Түркия-НАТО қарым-қатынастары жайлы бір сұраққа болса «Біз НАТО мүшесіміз. Жауапкершіліктерімізді бұрын болғандай орындаймыз. Кезкелген бір өзгеріс жоқ» деді.



Ұқсас жаңалықтар