Қауіпсіздік аймақ Түркияның бақылауында болуы керек

Ердоған Сирияда құрылатын бір қауіпсіздік аймағының Түркияның бақылауында болуы керектігін айтты.

1146553
Қауіпсіздік аймақ Түркияның бақылауында болуы керек

Қауіпсіздік аймақ Түркияның бақылауында болуы керек.

Президент Режеп Тайып Ердоған Сирияда құрылатын бір қауіпсіздік аймағының Түркияның бақылауында болуы керектігін айтты.

Ресейдің Сочи қаласындағы Үштік Сирия саммитінен қайтарда ұшақта мәлімдеме жасаған Ердоған Ресейдің қауіпсіздік аймақ тақырыбына болымды қарағанын мәлімдеді.

Қауіпсіз аймақтың Түркияның бақылауында болуы керектігін айтқан және Анкараның қызыл сызығын еске салған Ердоған «Қауіпсіздік аймақ Түркияның бақылауында болмаса, онда біздің Түркия болып қауіпсіздігімізге әр сәтте қауіп төнеді. Қауіпсіз аймақтың бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK үшін бір қорғану қалқаны болуына рұқсат бермейміз. Осы тақырыпта табандымыз. Бұның білінуі керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар