АҚШ елшілігі Түркияның ұйғырларға қатысты мәлімдемесіне қолдау берді

Америка Құрама Штаттарының Түркиядағы елшілігі Түркияның ұйғырларға қатысты мәлімдемесіне қолдау берді.

1146178
АҚШ елшілігі Түркияның ұйғырларға қатысты мәлімдемесіне қолдау берді

Америка Құрама Штаттарының Түркиядағы елшілігі Түркияның ұйғырларға қатысты мәлімдемесіне қолдау берді.

АҚШ елшілігі ресми Твидтер есебінен «АҚШ Түркия Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне қосылады» деді. Хабарламада Түркияның тақырыпқа байланысты хабарламасындағы «Заңсыз тұтқындауларға ұшыраған бір миллионнан астам ұйғырдың арнайы лагерьлерде және түрмелерде жәбір-жапа көргені, саналарына әсер етілгені енді құпия  емес» деген сөздерге орын берілді.

Сыртқы істер министрлігі Қытай органдарының ұйғырларға бағытталған жүйелі ассимиляция саясатының адам баласы үшін үлкен ұят екенін білдірген болатын.

Қытай органдарын арнайы лагерьлерді жабуға шақырған министрлік: «Түрік халқының ауыр адам құқықтары бұзушылықтарына деген наразылықтарының Қытай органдары тарапынан назарға алынуын күтеміз” деген еді.

Әлем көлемінде көптеген үкімет,  халықаралық ұйым мен үкіметтік емес ұйымдар Қытайдың ұйғырларға бағытталған істеріне наразылық білдіруде.  Еуропалық одақ діни нанымдарына орай зұлымдық шеккен азаматтар және сөз бостандығы мен адам құқықтарына қарама-қайшы түрде түрмеге жабылған тибеттіктер мен ұйғырлардың еркін жіберілуін талап еткен болатын.

АҚШ Конгресінде талқыланып жатқан заң жобасы 1 миллионнан астам ұйғырдың жағдайына орай Америка әкімшілігінің Қытайға санкция жасауын сұрайды.

БҰҰ-ның Нәсілдік жікшілдікті жою комитеті 2018 жылдың 30 тамыз күнгі есебінде лагерьлерде 1 миллионнан астам ұйғырдың қамалғанын жазды.

Еуропа Парламенті де қазан айындағы шешімінде арнайы лагерьлердің дереу жабылып,  азаматтардың босатылуын талап еткен еді.

Халықаралық Амнистия ұйымы, Адам құқықтары ұйымы мен көптеген халықаралық ұйым да жәбір-жапа көрген ұйғырлардың жағдайын қолға алу,  аймаққа бақылаушы делегация жолдау және шындықтың айқындалуы үшін БҰҰ Адам құқықтары кеңесіне шақыру тастаған болатын.

Қытай болса халықаралық қоғамда «арнайы лагерьлер» деп аталған жерлердің «кәсіптік білім беру орталықтары» екенін және осындағы кісілердің «ұшқары пікірлерден тазаланып,  қоғамға пайдалы болуын» мақсат еткендерін алға тартуда.

БҰҰ мен басқа да ұйымдар лагерьлерді тексеру үшін шақыруларын қайталауда. Қытай қазірге дейін өздері белгілеген шетелдік дипломат пен баспасөз өкілдеріне аралауға рұқсат берді. Ал БҰҰ-ның тікелей мәлімет алу мақсатымен аймаққа еркін тексеру жүргізетін делегация жіберу талабын болса Қытай қабылдамай отыр.



Ұқсас жаңалықтар