Президент Ердоған Сочиге аттанды

Президент Ердоған Сочиде Сирия тақырыпты Үштік саммит жиналысының 4-шісіне қатысады.

1145042
Президент Ердоған Сочиге аттанды

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресейдің Сочи қаласына аттанды.

Президент Ердоған Сочиде Ресей президенті Владимир Путин және Иран елбасы Хасан Руханидің қатысуымен өтетін Сирия тақырыпты 4-ші Үштік саммит жиналысына қатысады.

Саммитте Астана кезеңі аясында Сирия мәселесіне тұрақты шешім табу ізденістеріне ықпал ететін майдан мен саяси кезеңде жүргізілген ортақ талпыныстарға көз жүгіртілмек.

Президент Ердоғанның саммит барысында әріптестерімен екі жақты байланыстар арқылы жүзеге асырған ынтымақтастыққа қоса, аймақтық мәселелерді де қолға алуы күтіледі.



Ұқсас жаңалықтар