Түркия әділет іздеуді жалғастырады

Алтун «Кашыкчының қылмыскерлері Түркияға тапсырып берілуі керек» деді.

1141193
Түркия әділет іздеуді жалғастырады

Президенттік аппараттың коммуникация төрағасы Фахреттин Алтун сауд текті журналист Джемал Кашыкчы қастандығында әділет іздеуді жалғастыратындарын айтты.

Алтун Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан жүргізілген Джемал Кашыкчы қастандығы тергеулеріне байланысты Reuters хабар агенттігіне мәлімдеме жасады.

Фахреттин Алтун мәлімдемесінде «Сауд Арабиясы мемлекеттік органдары әділетке қызмет істеу ынталарының бір дәлелі ретінде Кашыкчының қылмыскерлерін Түркияға тапсырып берулері керек. Барша әлем осы оқиғаны қадағалап отыр. Түркия демократияға және еркіндікке сенген барлық елдер сияқты әділетті іздеуде» деген сөздер қолданды.

БҰҰ-ның заңсыз әрі соттан тыс өлім жалалары жөніндегі арнайы баяндамашысы  Агнес Калламардтың Түркияға жасаған сапарына риза болғанын баяндаған Алтун Калламардты сауд текті журналист Джемал Кашыкчының қастандығын жарыққа шығару жөніндегі табандылығына орай құттықтады.

Алтун Түркияның арнайы тергеу жұмыстарына қолынан келгенінше қолдау беретінін атап өтті.

Фахреттин Алтун мәлімдемесінде «Оқиғаларға байланысты шындықтар айқын. Джемал Кашыкчы Сауд Арабиясы тарапынан Стамбул Бас консулдығы ішінде аяусыз өлтірілді» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар