Калын мен Болтон сөйлесті

Ибрахим Калын мен Джон Болтон телефонда сөйлесті.

1135412
Калын мен Болтон сөйлесті

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын мен Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамптың Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джон Болтон телефонда сөйлесті.

Телефон әңгімесінде президент Режеп Тайып Ердоған мен АҚШ президенті Дональд Трамп арасында өткен аптада болған телефон әңгімесінде келісілген тақырыптардың егжей-тегжейі талқыланды.

Әңгіме барысында жалпы Сириядағы оқиғалар салмақты орын алды. Сириядан шегіну үрдісіндегі координацияның жалғасқаны,  сенімді аймақтың қалыптастырылуы және Манбидж жол картасының орындалуы секілді тақырыптарда келісілді.

Сонымен бірге Түркия мен АҚШ-тың екі жақты қатынастары да күн тәртібіне келіп, екі елдің терроризммен күресте ықпалды ынтымақтастығының маңызы атап көрсетілді.

Айырықша АҚШ президенті Трамптың Түркияға жоспарланған сапарының дайындықтары да қаралды.



Ұқсас жаңалықтар