Батыс елдері Кашыкчы қастандығын жабуға тырысуда

Чавушоғлұ Джемал Кашыкчы қастандығы және Сирия тақырыбына тоқталды.

1130642
Батыс елдері Кашыкчы қастандығын жабуға тырысуда

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ сауд текті журналист Джемал Кашыкчы қастандығын жабуға тырысқан батыс елдер екенін айтты.

Чавушоғлұ Стамбул қалалық әкімшілігіне қарасты Жастар Мәжілісінде жастарға үн қатты.

Чавушоғлұ 2 қазан күні Сауд Арабиясының Стамбул Бас консулдығында өлтірілген Джемал Кашыкчы қастандығы және Сирия тақырыбына тоқталды.

Түркияның Кашыкчы мәселесінде принципті, ақылды және стратегиялы тұғыр ұстанғанын баяндаған Чавушоғлұ өздерінің қолындағы дәлелдерді, құжаттарды барлықтарымен бөліскен кезде, Сауд Арабиясының ешқандай мағлұмат бөліспегенін айтты.

Чавушоғлұ «Қылмыс істегендер белгілі. Бұны ашық айтып отырмын. Бұл қылмысты жабуға тырысқан батыс елдері бар. Мен бұның себептерін білемін. Қайсы тақырыпта қандай келісімдер жасалып жатқанын білеміз және көрудеміз» деген сөздер қолданды.

Сирия тақырыбына да тоқталған Мәвлүт Чавушоғлұ Америка Құрама Штаттарының осы елден кету шешімін жасағаннан кейін көптеген елдердің наразылық көрсетуге тырысқанына назар аударды.

Чавушоғлұ Түркияның Сирия саясатының өте айқын екенін, сондай-ақ бейбітшілік және тыныштық бір саяси шешім ұстанғанын баяндады.  



Ұқсас жаңалықтар