Ердоған әйгілі пианист Фазыл Сайдың концертіне қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған әйгілі пианист Фазыл Сайдың Анкарада өткізілген  концертіне қатысты.

1128920
Ердоған әйгілі пианист Фазыл Сайдың концертіне қатысты

Ердоған әйгілі пианист Фазыл Сайдың концертіне қатысты.

Президент Режеп Тайып Ердоған әйгілі композитор және пианист Фазыл Сайдың Анкарада өткізілген  «Трова Сонаты» атты концертіне қатысты.

Концерт Анкара сауда палатасының «Congresium» атты залында ұйымдастырылды. Концерттен кейін сахнаға шыққан президент Ердоған Фазыл Сайды құттықтады және әйгілі пианистті Президенттік сарайына шақырды.

Фазыл Сайдың концертіне Ердоғанның жұбайы Эмине Ердоған, президент орынбасары Фуат Октай, Мәдіниет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой, Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ, Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар, Ұлттық білім беру министрі Зия Селжук, Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу, Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын, Бас Штаб басқармасы төрағасы Яшар Гүлер, Әділет және даму партиясы мәлімдемешісі Өмер Челик және сонымен қатар Анкараға ресми сапармен келген АҚШ сенаторы Линдсей Грахам қатысты.



Ұқсас жаңалықтар