Сенімді аймақтың бақылауы Түркияның қолында болады

Түркия терроризммен күресін барлық салада жалғастырады.

1126465
Сенімді аймақтың бақылауы Түркияның қолында болады

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Сирия шекарасында қалыптастырылатын сенімді аймақтың бақылауының Түркияда болатынын білдірді.

Калын Президенттік сарайда Кабинет жиналысы жөнінде баспасөз брифингін өткізді.

Америка Құрама Штаттарының Сириядан шегіну шешімін жан-жақты талқылағандарын білдірген Ибрахим Калын: «Терроризммен күрес және Түркияны нысанаға алған террорлық ұйымдармен күрес барлық салада жалғасады» деді.

Калын Түркияның жұмсақ және қатты күшін, саясаттың және дипломатияның барлық мүмкіндіктерін қолдану арқылы әрі алаңда,  әрі үстелде күрес жүргізетінін атап көрсетті. Калын президент Режеп Тайып Ердоғанның 23 қаңтар күні Ресейдің бас қаласы Мәскеуге баратынын да айтты.  «Әсіресе Америка Құрама Штаттарының шегіну шешімінен кейін ортаға шыққан жағдайды Ресеймен ақылдасу керек.  Әрі Сирия, әрі екі жақты тақырыптарды егжей-тегжейлі талқылау мүмкіндігіміз болады» деді Калын.

Калын: «АҚШ делегациясы өткен апта бізге бес баптық, бейресми, негізгі тақырыптарымен Америка Құрама Штаттарының шегіну шешімін бекітетін бір құжат берді.  АҚШ-пен экономикалық қорқыту тақырыптары енді артта қалды.  Бүгін жаңа мақсат қойылды және жағымды күн тәртібімен жұмысты жалғастырамыз.  Біз үшін S-400 сатып алу мен «Патриот» зымырандарын алу арасында ешбір шартты қатынас жоқ» деді.



Ұқсас жаңалықтар