Ердоған Сирияда құрылатын қауіпсіз аймаққа тоқталды

Ердоған Сириядағы қауіпсіз аймаққа террористтер кірмейтінін айтты

1126381
Ердоған Сирияда құрылатын қауіпсіз аймаққа тоқталды

Елбасы Режеп Таип Ердоған Сирияда құрылы мүмкін қауіпсіз аймақ жобасында бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның осы елдегі жалғасы болып табылатын ИПГ/ПКК үйымдарының орын алмайтынын айтты.   

Елбасы Ердоған өзі төраға болған Әділет және өркендеу партиясының Түрикя Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі топ жиналысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді. 

Ердоған мәлімдемесінде Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамппен кешегі телефондағы кеңесінде күн тәртіпке келген  Сирияда қауіпсіз аймақ құру жобасына тоқталды.

Түркияның бұл пікірді АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обамаға да ұсыныс еткенін дәріптеген Ердоған ""АҚШ Сирияда әуе айдынының басқаруын қолына алса, біз де құрлықтағы барлық қауіпсіздіктерді қолға аламыз" деген едік. Обама аталмыш тақырыптағы қажетті қадамдарды баспады.  Обаманың 30 километр тереңдік бейімі болған еді. Мен де бұл көзқарасқа болымды қараймын. Осы тақырыпта жұмыстануды қалаймыз. Мұны 20 милге ұзартуға да болады" деп көрсетті.

Түркияның Топтық Тұрғын ұй басқармасының дәнекерімен бұл жұмысқа кірулері мүмкін екенін білдірген Елбасы Ердоған:

"Логистикалық тұрғыдан заттық қолдауларды да бізге берсе, аталмыш қауіпсіз аймақты құрып шығамыз. Бұл көш мәселесін де шешеді" деп баса көрсетті.

Алайда қауіпсіз аймақтың террористерге берілмейтінін дәріптеген Ердоған "ИПГ/ПКК террористік ұйымдары аталмыш жобаға кіре алмайды. Өйткені олар террорист. Коалиция күштерімен ортақ әрекет жасауға болады" деді.

Сирия мәселесіне байланысты Ресей президенті Владимир Путин және Иран президенті Хасан Руханимен үштік кездесудің күн тәртіпте екенін айтқан Ердоған "Ресейге зиярат 23 қаңтарда болуы мүмкін" деді.



Ұқсас жаңалықтар