Ердоған Коммерсанть үшін мақала жазды

Елбасы Ердоған Түркияның терроризммен күресу үшін ешкімнен рұхсат алмайтынын білдірді

1126397
Ердоған Коммерсанть үшін мақала жазды

Елбасы Режеп Таип Ердоған Түркияның терроризммен күресу үшін ешкімнен рұхсат алмайтынын білдірді. 

Елбасы Ердоған Ресейдің Коммерсанть газетіне арнап  "Түркия мен Ресей ынтымақтастығы Сирия дағдарысының шешілуі үшін өміршеңдік маңызға ие" деген тақырыпта бір мақала жазды.

Ердоған мақаласында террормен күреске байланысты "Терроризммен күресу үшін ешкімнен рұхсат сұрамаймыз. Шарттар пысып жетілген кезде Сирия территориясынан елімізге қауіп төндірген террористерді нысанаға алу құқымызды сақтап отырмыз" деп көрсетті.

  Түркияның Сириядағы күрттермен немесе басқа ешқандай бір қоғаммен арасында мәселе болмағанын білдірген Ердоған  Америка Құрама Штаттарын орталық ете отырып ортаға тасталған орынсыз пайымдаулардың шындықтарды емес, бір бөлім пайда қуған топтардың көзқарасын дәріптеп отырғанын атап өтті.

Ердоған Сирияда жалғасып келе жатқан дағдарысқа байланысты:

"Сириядағы дағдарыс тек қана Сирияның жараларын жазуынан пайда көретін, жаралардың тереңдеуінен зиян тартатын елдер тарапынан шешімін табады" деген бағаландыру жасады.



Ұқсас жаңалықтар