«Мұсылмандардың жаһандық тұлғасы сыйлығы» Ердоғанға табыс етіледі

Нигерияда жарияланған «Muslim News Nigeria» атты газеттің редакторы Рашид Әбубәкір мәлімдеме жасады.

1111851
«Мұсылмандардың жаһандық тұлғасы сыйлығы» Ердоғанға табыс етіледі

Президент Режеп Тайып Ердоғанға Ислам әлемі және халықаралық қоғамдағы күші мен ықпалдылығына орай 2018 жылдың «Мұсылмандардың жаһандық тұлғасы сыйлығын» беруге шешім қабылданды.

Нигерияда жарияланған «Muslim News Nigeria» атты газеттің редакторы Рашид Әбубәкір жасаған мәлімдемеде 2018 жылдың «Мұсылмандардың жаһандық тұлғасы сыйлығын» әрі Ислам әлемінде, әрі халықаралық қоғамда сөзсіз үлкен ықпалы мен басшылық күшіне орай Түркия Республикасы президентіне береміз» деді.

Президент Ердоғанның әрқашан жазықсыз адамдарды қолдағанына назар аударған Әбубәкір «Соңғы кездері Сауд Арабиясына қоса, бүкіл араб елдері Израильдің палестиналықтарды қыруына үнсіз қарап отырғанда, президент Ердоғанның Израильге қарсы дауысы көтеріңкі шыққан жалғыз басшы» деді.

Ердоғанның Ұйғыр түріктері мен Аракан мұсылмандарының да әрқашан қолдаушысы болғанына назар аударған Әбубәкір «Президент Ердоған нигериялық мұсылмандар арасында да үлкен қолдауға ие» деді.

Әбубәкір басқа мұсылман басшыларды Ислам әлеміндегі мәселелерге қарсы одан көп талпынуға шақырды.

Газеттің бағалау тізімінде президент Ердоғаннан кейін Катар Әмірі Шейх Тәмім ибн Хамед Әл-Сани екінші, Малайзия премьер-министрі Махатхир Мұхаммед болса үшінші орын алды.



Ұқсас жаңалықтар