Калын 21 желтоқсан түрік тілін оқыту мерекесіне қатысты

Ибрахим Калын Түркияның Балкандағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа жалғасты қолдау көрсететінін білдірді.

1111660
Калын 21 желтоқсан түрік тілін оқыту мерекесіне қатысты

Калын 21 желтоқсан түрік тілін оқыту мерекесіне қатысты.

Президенттік аппараттың баспасөз мәлімдемешісі Ибрахим Калын Түркияның Балкандағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа жалғасты қолдау көрсететінін білдірді.

21 желтоқсан түрік тілін оқыту мерекесі іс-шарасы аясында Македонияның астанасы Скопьеде болған Ибрахим Калын мерекеге орай ұйымдастырған қонақасына қатысты. Калын бұл жерде мәлімдеме жасады.

Түрік тілін оқыту мерекесінің Түркия-Македония қарым-қатынастары тұрғысынан өте маңызды екенін түсіндірген Калын сонымен қатар бұның Түркияның Балканмен болған тарихи және мәдени байланыстарының да ең керемет үлгісі екеніне назар аударды.

Фетуллахшы террор ұйымымен күресуге де тоқталған Калын ұйымға қарсы тек Балканда ғана емес, әлемнің әрбір жерінде күрес жүргізгендерін баяндады.



Ұқсас жаңалықтар