Ибрахим Калын Дохада

Президенттік аппараттың баспасөз мәлімдемешісі Халықаралық Доха форумының 18-ші жиналысына қатысты.

1107788
Ибрахим Калын Дохада

Президенттік аппараттың баспасөз мәлімдемешісі Ибрахим Калын Түркияның Сирияның солтүстігіндегі бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK нысаналарына бағытталған операцияның тек қана өздерінің мүддесіне емес, сондай-ақ Сирияның шекара тұтастығы үшін де маңызды екенін атап көрсетті.

Ибрахим Калын Катарда ұйымдастырылған Халықаралық Доха форумының 18-ші жиналысына қатысты.

Жиналыста баяндама жасаған Калынның күн тәртібінде Евфрат өзенінің шығысына жасалуы жоспарланған операция бар болатын.

«Шекарамызды қорғау үшін әртүрлі шараны қабылдаймыз» деген Калын «PKK немесе оның Сириядағы тармағы тарапынан шағын мемлекет, мемлекет моделіне ұқсас құрылымдардың қалыптасуына рұқсат бермеуге тиістіміз. Бұл ұлттық қауіпсіздігімізге тікелей қауіп төндіреді. Шекараларымызды қорғау үшін әртүрлі шараны қабылдаймыз. Осы тек қана өз мүддеміз үшін емес, сондай-ақ Сирияның шекара тұтастығы үшін қажетті» деді.

Калын Палестина мен Сирия тақырыптарында Еуропаға үн қатып, «Сирия өртінде Еуропа мен еуропалықтар қайда жүр?» деп сұрақ қойды.

Мәлімдемеші Ибрахим Калын «Көптеген адам геосаяси тақырыптарда Еуропаның Америка Құрама Штаттарының ұстанымына назар аударғанын, АҚШ-тың ұстанымы нақтыланған соң оған қарап бағытын белгілегенін ойлауда» деді.

Президенттік аппараттың мәлімдемешісі қазан айында Стамбулда болып өткен және Түркия, Ресей, Франция және Германияның басын қосқан Сирия саммитіне де назар аударды.

Идлибте атысты тоқтатуды қамтамасыз ету және Атазаң комитеті тақырыптарында қадамдар басылғанын атап көрсеткен Калын Сирияда жасауға тиісті көптеген жұмыс бар екенін тілге тиек етті.

Палестина тақырыбын да Калынның күн тәртібінде орын алды.

Еуропаның мәселенің шешіміне үлес қосу керектігіне назар аударған Калын Ислам елдерін де шешім үшін жауапкершілік алуға шақырды.

Сирия мен басқа тақырыптардың шешімі үшін Еуропада басшылық кемшілігінен сөз қозғаған Ибрахим Калын аталмыш жағдайдың Ислам әлемі үшін де бірдей екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар