Министр Чавушоғлу француз полициясын сынға алды

Сыртқы істер министрі Францияда «сары күртешелер қозғалысы» шерулерінде полиция қолданған күшті сынға алды.

1103910
Министр Чавушоғлу француз полициясын сынға алды

Чавушоғлу Анталия журналистер мәжілісі ұйымдастырған «2017 жылы баспасөз сыйлықтары мен Хасан Өзкай Фотосурет конкурсы» жүлде рәсімінде Франциядағы оқиғаларға назар аударды.

Сенбі күні Францияның барлық аймақтарындағы шерулерде 1 мың 200 адамды тергеуге алғандарын атап көрсеткен Чавушоғлу Түркияның ешқашан вандализмге қолдау бермегенін бірақ Түркияда вандализм болғанда сол елдердің баспасөздерімен, азаматтық қоғамдарымен және саясат қайраткерлерімен қолдау бергендерін еске салды.

Чавушоғлу «Шерулердің де шектен асқанын кейде байқап отырмыз. Вандалдыққа қарсымыз. Алайда француз полициясы қолданған күш шынында да ғибрат аларлықтай. Үлкен күшке қарсы Еуроодақ пен Еуропа елдерінің ұстанымы да өз алдына ғибраттық жағдай. Баспасөзі де осы тұрғыдан қорқынышты күйде. Міне біз осыған ‘қос стандарт’ дейміз. Батыс осыған не дейді ‘ынтымақтасу’ дейді. Неге ‘ынтымақтастық’ деп атайды? ‘Еуроодақ мүшесі болғандықтан ынтымақтастықты көрсетуге тиістіміз’ дейді» деді.

Мевлүт Чавушоғлу Еуроодақтағы оқиғалардың тез арада тоқтауын қалағандарын да атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар