Түркия Суданда жоғары оқу орнын ашты

Президент Режеп Тайып Ердоғанның Суданда университет ашу уәдесі орындалды.

1100055
Түркия Суданда жоғары оқу орнын ашты

Президент Режеп Тайып Ердоғанның Суданда университет ашу уәдесі орындалды.

Медициналық ғылымдар Университеті тарапынан Судан Ньяла Медициналық қызметтер училищесі ашылды.

Жоғары оқу орнының беташарына Судан президенті Өмер әл Бешир де қатысты.

Президент Бешир жоғары оқу орнының Суданның медициналық білім мұқтаждығын қамдауда маңызды рол ойнайтынын білдірді.  Ол президент Ердоғанға,  түрік халқына және үкіметіне Судан халқына берген көмегіне орай алғыс айтты.

Медициналық ғылымдар Университеті Африка медициналық жұмыстар зерттеу және практика орталығының директоры Проф. Хасан Хүсейін Екер де оқу орнының мақсатының сапалы медициналық қызметкер дайындауға көмектесу екенін атап айтты.



Ұқсас жаңалықтар