Боснияға көмек жолданды

Босқындар үшін көмек материалдары жолданды.

1093876
Боснияға көмек жолданды

Түрік Қызыл Жарты ай қоғамы Босния және Герцоговинадағы босқындардың баспана шарттарын жақсарту мақсатымен көмек материалын жолдады.

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы хабарлама жариялап,  Босния және Герцоговинада көптеген жылдан бері гуманитарлық жұмыстарды жалғастырып келе жатқандарын еске салды. Қоғам бұл жолы Еуропаға жету үшін өткел ретінде қолданылған осы елдегі босқындардың баспана шарттарын жақсарту мақсатымен 9 көлікпен материал жолдады.

Осы шеңберде Боснияға Стамбул және Кыркларели қалаларынан жолға шыққан көмек материалдарының арасында 22 дана 105 шаршыметрлік үлкен шатыр, түрлі көлемде 229 шатыр, 10 мың дана көрпе, 1000 дана асхана бұйымы, 2 дана жылжымалы асхана орын алды.



Ұқсас жаңалықтар