Түркиядан Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ливияға виза жеңілдігі

Шетел азаматтарының Түркияда тұру мерзімдері жөніндегі жаңа виза режимі Президенттің қаулысымен Ресми газетте жарияланды.

1085605
Түркиядан Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ливияға виза жеңілдігі

Түркия Республикасы Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ливияға виза жеңілдігі жасауда.

Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ливия азаматтарына арналған Түркияның жаңа виза режимі Ресми газетте жарияланды.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның қаулысымен Ресми газетте орын алған 326 нөмірлі шешіммен 12 жасқа толмаған және 65 жастан үлкен жалпыға тән паспорт қолданған Ливия азаматтарына виза жеңілдігі жасалады. Түркияға туризм мақсатты әр 180 күндік мерзімдерде келушілер 90 күндік тұру мерзімімен виза жеңілдігінен пайдалана алады.

Ресми газетте 327 нөмірлі жарияланымында президенттің қаулысымен Қазақстанның жалпыға тән ресми паспорт қолданған азаматтары мен Өзбекстан және Тәжікстан азаматтарының Түркияға саяхаттарында әр 180 күндік келулерінде 90 күндік тұру мерзімінен аспайтындай 30 күнге берілген тұру мерзімі 90 күнге ұзартылды.



Ұқсас жаңалықтар