Ердоғанның Ататүрік жөніндегі мәлімдемесі

Ердоған Ататүріктің қайтыс болған күніне орай мәлімдеме жасады.

1084864
Ердоғанның Ататүрік жөніндегі мәлімдемесі

10 қараша--Түркия Республикасы мемлекетінің құрушысы және тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің қайтыс болған күні.  Оны тағы бір рет құрметпен еске аламыз.

Президент Режеп Тайып Ердоған Ататүріктің қайтыс болған күніне орай мәлімдеме жасады.

Президент Режеп Тайып Ердоған мәлімдемесінде ардагер Мұстафа Кемел Ататүріктің азаттық соғыс жүргізіп, Түркия Республикасын құрғанын және барша түрік халқын  бір идеология маңында бірлестіргенін түсіндірді.

Ердоған мәлімдемесінде ардагердің ұлылығын, күрестерін және құрушы ерекшеліктерін жастар мен  балаларға жақсы түсіндірілуі керектігін білдірді.

Президент Ердоған мәлімдемесінде «Сіз «Бізге аманат еткен Республиканы қорғап, барлық салада мықты, беделді және дамыған ел болу жолында табанды қадамдармен жылжып келеміз» деді.

Түркия Республикасы мемлекетінің құрушысы және тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің қайтыс болғанының 80-ші жылдығында ұлы көсемді құрметпен еске алған Ердоған «Республикамыздың 95 жылдығын қуанышпен құттықтаған Түркия тұрақтылық ішінде жалғасты күшеюде және өсуде. Біз аталарымыздың әрбір дәуірде алдына шыққан кедергілерді береке-бірлік ішінде жеңгенін, ұлттық құндылықтарды сақтағанын, азаттық үшін жанын пида еткенін ешқашан ұмытпауымыз керек» деген сөздер қолданды.

Президент Ердоған «2023 жылғы нысанамызға жету үшін жалғасты құлшына еңбектенеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар