Чавушоғлұ АҚШ-тың Иран санкцияларына тоқталды

Чавушоғлұ «Санкциялардың орнына диалог және келісім тіпті пайдалы болады» деді.

1082769
Чавушоғлұ АҚШ-тың Иран санкцияларына тоқталды

Чавушоғлұ «Санкциялардың орнына диалог және келісім тіпті пайдалы болады» деді.

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Иранды жалғыз тастаудың қауіпті екеніне назар аударып, Тегеран әкімшілігімен диалог және келісім жасаудың тіпті пайдалы болатынын айтты.

Мәвлүт Чавушоғлұ Жапонияның астанасы Токиодағы ресми сапары аясында Ұлттық баспасөз клубында журналисттердің сұрақтарына жауап берді.

Америка Құрама Штаттарының Иранға бағытталған санкцияларына тоқталған Чавушоғлұ Иранды жазаландырудың осы ел халқына зиян болатынын түсіндірді.

Түркияның принцип ретінде санкцияларға қарсы екенін атап өткен Чавушоғлұ «Санкциялар жолымен нәтиже шығатынына сенбеймін. Санкциялардың орнына диалог және келісім тіпті пайдалы болады» деді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар