Түркия Иранмен байланысын дереу үзе алмайды

Фуат Октай АҚШ-тың Иранға бағытталған санкциясы жөнінде мәлімдеме жасады.

1081758
Түркия Иранмен байланысын дереу үзе алмайды

Президент орынбасары Фуат Октай Америка Құрама Штаттарының Иранға бағытталған санкциясы жөнінде мәлімдеме жасады.

Санкция шешімінің Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан жасалмағанына назар аударған Октай «Бір елге санкция шешімдерін БҰҰ  жасайды. Біріккен Ұлттар Ұйымы осы шешімді жасағаннан кейін Түркия болып, барлық елдер атқарады. Тек бір елдің өз мүдделері аясында жасалған шешімді барлық елдің бұны атқаруы әділетті емес» деді.

АҚШ-тың санкция жасаған Иранның Түркияның көршісі екеніне назар аударған Октай «Сауда және энергия саласында қою байланысымыз болған бір елмен бір күннің ішінде байланысымызды кесу мүмкін емес. Бұны талай рет айттық» деген сөздер қолданды.


Этикеттер: #Иран , #АҚШ , #санкция

Ұқсас жаңалықтар