«Нысанамыз майданда атысты тоқтату бітімін толығымен қамтамасыз ету»

Стамбұлда болып өткен төрттік саммиттің артынан басшылар баспасөзге мәлімдеме жасады.

1076942
«Нысанамыз майданда атысты тоқтату бітімін толығымен қамтамасыз ету»

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия шекарасында террорға рұқсат берілмейтінін атап көрсетті.

Стамбұлда ұйымдастырылған Сирия тақырыпты төрттік саммиттің артынан Ресей президенті Владимир Путин, Франция президенті Эммануэль Макрон және Германия канцлері Ангела Меркельдің қатысуымен ортақ баспасөз жиналысы өткізілді.

Жиналыста сөз алған президент Ердоған «Нысанамыз майданда атысты тоқтату бітімін толығымен қамтамасыз ету және қан төгістің алдын алу» деді.

Ердоған Сириядағы келіспеушіліктің жаһандық бір мәселеге айналуында ең маңызды себептің халықаралық қоғамның проблемаға жеткілікті деңгейде иеленбеуі екенін түсіндірді.

Ердоған «Сирия халқының заңды сұранысы бағытында саяси бір шешім іздеп, елде тұрақтылықты қамтамасыз ету және не істеу керектігін анықтау тақырыптарында көзқарас алмастық. Ұзақ уақыттан бері Сириядағы дағдарыстың жүгі сириялық жазықсыз адамдар мен көрші елдердің мойынында. Франция және Германияның да қатысуымен бүгін Астанада қол жеткізілген синергияны одан ілгері жеткізуге болатынын байқадық» деді.

Ердоған «Әрі осы 4 ел, әрі халықаралық қоғам деңгейінде ынтымақтастықтың арттырылуы тұрғысында келістік. Атазаңы комитетінің құрылу кезеңін ең қысқа уақытта шарттарды назарға ала отырып, толықтыруға шақыру тастадық» деді.

Жиналыста Сириядан туындаған террор қаупін қолға алғандарын және ынтымақтастықтың арттырылуы тақырыбында ортақ көзқараста екендерін атап көрсеткен президент Ердоған Түркияның террор ұйымдарынан ең көп зиян шеккен елдердің басында келгенін білдірді.

Президент Ердоған «Сирияда Евфрат қалқаны операциясы мен Зәйтүн бұтағы операцияларын жүзеге асырдық, 4 мың шақырым текше метрлік алаңды қауіпсіз аймаққа айналдырдық. Шекарамызда террор ұйымдарының пайда болуына рұқсат бермейміз» деді.

Ердоған «Саммит қатысушылары ретінде талпынысымыздың артатынына сенімдімін. Түркия ретінде мәселеге шешім табу үшін тұрақтылығымыз жалғасады. Осы келіссөздер туралы Иранға ақпарат бөлісеміз. Табандылық Сирия халқымен ынтымақтастықтың керектігі» деді.

Ортақ баспасөз жиналысында сөз алған Ресей президенті Владимир Путин Сирияда шешімнің тек қана дипломатиялық жолмен мүмкін екенін атап көрсетті.

Путин Сирия тақырыбында халықаралық қоғамның бірге талпыну керектігін мәлімдеді.

Франция президенті Эммануэль Макрон болса «Сирия халқының өз болашағы жайлы сөйлеуге құқығы болу керек» деді.

Макрон әрі аймақта, әрі әлемнің басқа жерінде химиялық қару қолданғандардың қабылданбайтынын атап айтты.

Германия канцлері Ангела Меркель болса жиналыста босқындардың елдеріне оралуы тақырыбын қолға алғандарын атап, «БҰҰ-мен осы тақырыпта тығыз жұмыстану керек. Еліне оралғандар қамалмай, гуманитарлық құрылымның орындалуы міндетті. Саяси кезеңді осы кезде табу маңызды. Идлиб дағдарысының бейбіт түрде және гуманитарлық мәселеге айналмай тұрғанда шешілу керек» деді.

Журналисттердің сұрақтарына жауап қайтарған Ердоған сауд журналист Джемал Кашыкчының өлтірілуі тақырыбында басшылармен ақпарат бөлісіп бөліспегендері жайлы бір сұраққа қайтарған жауабында «Марқұм Джемал Кашыкчымен байланысты екі жақты кездесулерімізде осы тақырыпты қолға алдық және қажетті ақпаратты өздерімен бөлістім. Алдымен қамауға алынған 18 күдікті бар. Осы күдіктілер баршаға мәлім оқиғаның алдында елімізге келген адамдар. Бұл 18 адамды елімізге жолдаған кім? Осыған сауд лауазымдылар жауап қайтаруға тиісті. Кейін Сауд Арабиясы бір мәлімдеме келді. Түркиядағы байланысы барларға мәйіттің тапсырылғаны жайлы немесе олармен басқаша ынтымақтасу арқылы осылай бір қадам басылғаны алға тартылды. Сонда аталмыш жергілікті тұлғалар кім? Қылмыстың жасалған жері Стамбұл сол себепті Сауд Арабиясы осы соттауда егер өздері әділетті орындай алмайтын болса, онда түрік заң органдары ретінде біз жасауға дайынбыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар