Түркия мен Германия қарым-қатынастары жақсаруда

Мәвлүт Чавушоғлұ Түркия-Германия қарым-қатынастарының жақсарғанын білдірді.

1074704
Түркия мен Германия қарым-қатынастары жақсаруда

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Түркия-Германия қарым-қатынастарының жақсарғанын білдірді.

Мәвлүт Чавушоғлұ Түркия-Германия қарым-қатынастарын Анадолы агенттігіне берген сұхбатында түсіндірді.

Чавушоғлұ Президент Режеп Тайып Ердоғанның Германия сапарының екі ел қарым-қатынастарына, саяси және экономикалық байланысына болымды ықпал жасағанын баяндады. Германия Экономика министрі Петер Альтмайер басшылығындағы делегацияның 25-26 қазанда Түркияға келетінін еске салған Чавушоғлұ «Қарым-қатынастарымыз нашар болған кезде жүзеге асыра алмаған механизмдерді қайтадан іске қосудамыз. Қорғаныс өнеркәсібінен бастап саудаға дейін көптеген салада болымды қадамдар баса бастадық» деген сөздер қолданды.

Чавушоғлұ «Германиямен біздің бір проблемамыз жоқ. Олардың да бізбен проблемасы жоқ. Олар Түркиядан тіпті сенімді бір ортақ таба алмайтындарын байқады» деді.



Ұқсас жаңалықтар