"Армения дәйексіз айыптауларын доғаруы керек"

Мәжіліс спикері Анталияда Еуразия мәжіліс спикерлері жиынында сөз сөйледі.

1065726
"Армения дәйексіз айыптауларын доғаруы керек"

Түркия мәжілісінің спикері Бинали Йылдырым Арменияның дәйексіз айыптауларын доғаруы керектігін айтты.

Бинали Йылдырым Анталияда өткен «Еуразияда Экономикалық ынтымақтастық,  қоршаған орта және даму» атты Еуразия мәжіліс спикерлерінің үшінші жиналысында сөз сөйледі.

Йылдырым жиынның тамаша өткенін,  жақсы декларация дайындалғанын атап айтты.  Ол кейбір елдердің жалғыз өзі бірсыпыра айыптау білдіруінің жиынның мақсатына сай еместігін білдірді.

Спикер Армения өкілінің жиында кейбір айыптаулар айтқанын білдіріп:

«Жаһандық проблемаларға шешім ізделген, өңірде және әлемде тұрақтылыққа көңіл бөлінген осы жиында шындыққа жатпайтын мәлімдемелерді қабылдау мүмкін емес.  Армения Түркиямен қарым-қатынастарын жақсартқысы келетін болса, осындай дәйексіз айыптауларын доғаруы керек,  тарихи оқиғаларды тарихшылардың зерттеуіне қалдыру қажет» деді.



Ұқсас жаңалықтар