Ердоған сауд текті журналист жөнінде мәлімдеме жасады

Ердоған сауд текті журналист Джемал Кашыкчының жоғалуымен байланысты мәлімдеме жасады.

1064854
Ердоған сауд текті журналист жөнінде мәлімдеме жасады

Ердоған сауд текті журналист Джемал Кашыкчының жоғалуымен байланысты мәлімдеме жасады.

Президент Режеп Тайып Ердоған өткен апта Стамбулдағы   Сауд Арабиясы Бас консулдығына кірген соң із-түссіз жоғалған «Washington Post» газетінің тілшісі сауд текті журналист Джемал Кашыкчының жоғалуымен байланысты мәлімдеме жасады. 

Президент Ердоған Венгрия сапары барысында премьер-министр Виктор Орбанмен кездескеннен кейін ортақ баспасөз жиналыс өткізді.

Сауд текті журналист Джемал Кашыкчының жоғалуымен байланысты бір сұраққа орай Президент Ердоған былай деді: «Стамбулдағы Сауд Арабиясы Бас консулдығында болған оқиға біз үшін өте маңызды. Түркия Республикасының Президенті атымен бұны қадағалау менің міндетім. Біз жылдам түрде нәтиже алғымыз келеді» деді.

Ердоған «Мен жақсы ойланғым келеді, иншалла біз қаламаған жағдай кездеспес» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар