Ердоғанның Германия сапары жалғасуда

Президент Режеп Тайып Ердоғанның Германия сапары жалғасуда.

1058943
Ердоғанның Германия сапары жалғасуда
erdogan, steinmeier yemek3.jpg
erdogan, steinmeier yemek2.jpg
erdogan, steinmeier yemek1.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоғанның Германия сапары жалғасуда.

Ердоған кеше Германия канцлері Ангела Меркельмен Берлиндегі кездесуінен кейін баспасөз мәслихатын өткізді.

Меркельмен кездесуінде бір мезгілден бері жұмыс істемей қалған ынтымақтастық механизмдерін қайта бастауға келіскендерін білдірген Ердоған түрік азаматтарына виза еркіндігі тақырыбында қалған 6 критерияны қысқа уақытта орындауды жоспарлағандарын атап айтты.

Президент Ердоған бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның мыңдаған мүшесінің Германияда емін-еркін әрекет еткенін айтты.

Германия президенті Франк Вальтер Штайнмайер кеше кеште президент Режеп Тайып Ердоғанның құрметіне кешкі қонақасы берді. Қонақасында сөз сөйлеген Ердоған  Германиядан террорлық ұйымдармен ықпалды күрес күтетіндерін білдірді.

Халықаралық тақырыбында кейбір көзқарас айырмашылықтардың табиғи жағдай екенін түсіндірген Ердоған «Көзқарас айырмашылықтарды емес, ортақ мүдделерімізді басты орынға алуымыз керек. Қарым-қатынастарымызды жалғастыруымыз керек. Түркия мен Германия талай табыстарға қол жеткізген ел» деді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар