Президент Ердоған неміс газетіне мақала жазды

Президент Ердоған Германия сапары алдында «Frankfurter Allgemeine Zeitung» газетіне мақала жазды.

1057634
Президент Ердоған неміс газетіне мақала жазды

Президент Режеп Тайып Ердоған Германияның Фетуллахшы террор ұйымын террор ұйымы ретінде жариялау керектігін атап көрсетті.

Президент Ердоған бүгін басталған Германия сапары алдында «Frankfurter Allgemeine Zeitung» (FAZ) газетінде ‘Германияда не күтеді?’ тақырыпты мақала жариялады.

Ердоған мақаласында «Түркия, PKK, FETÖ, DHKP-C сияқты террор ұйымдарымен күресте Германияның қолдауын күтеді» деп жазды.

Ердоған «Германияның PKK және FETÖ-мен күресімізге қолдауын күтеміз. Германияның FETÖ-ді террор ұйымы ретінде қабылдауын қалаймыз. Германиядан бірінші күткеніміз Ұлыбритания үкіметі сияқты  (2016 шілде айындағы) төңкеріс әрекетінің FETÖ тарапынан жасалғанын мойындауы. Неміс достарымыздың FETÖ-ге тиесілі мекеме, қоғам және тұлғалармен байланысты нақты қадамдарды Түркия ортаға қойған дәлелдер негізінде жылдам басуы FETÖ-ні жауапқа тартуды талап еткен түрік халқы тарапынан болымды қабылданады» деді.

Ердоған бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның неміс барлау мекемелерінің рапорттарында да анықталғандай, әлі әртүрлі аттармен Германияда жұмыс істегенін, террорға адам дайындау, есірткі және адам саудасы, күштеп ақша жинау және террорды насихаттау жұмыстарын жалғастырғанына назар аударды.

«Америка Құрама Штаттарының жауапкерсіз саясаттарының әлемді сауда соғысына итермелегенін» ескерткен президент Түркия мен Германияның мұның алдын алу үшін бірге жұмыстану керектігін атап көрсетті.

Ердоған «Келіңдер ортақ мүддемізге, ортақ қауіптерге және мәселелерімізге назар аударайық. Екі ұдайы мәселелерімізде келіссөз каналдарын ашық қалдырайық. Бір-бірімізді құрметтеп, түсінуге тырысайық» деді.



Ұқсас жаңалықтар