Президент БҰҰ Бас Ассамблеясында сөз сөйледі

Ердоған әлемнің өзекті проблемаларына орын берді.

1056755
Президент БҰҰ Бас Ассамблеясында сөз сөйледі

Президент Режеп Тайып Ердоған БҰҰ-ның құрылымына деген сындарын мүше елдердің басшыларына тікелей бағыттады.

БҰҰ-ның Нью-Йорктағы Бас Ассамблеясында сөз сөйлеген Ердоған тағы бір рет «Әлем бестен үлкен» деп жазықсыз әлем халықтарының үні болды.

«БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі вето құқығына ие бес мүшенің мүддесіне қызмет ететін, зұлымдықтарға үнсіз қалған бір құрылымға айналды» деді ол. Ердоған баяндамасында АҚШ әкімшілігінің Таяу Шығыс саясатын да сынады.  «Палестиналықтарға жүргізілген зұлымдыққа үн шығармағандардың оларға жасалған көмекті шектеу талпыныстары тек залымдардың батылдығын арттырады» деді ол.

Ердоған АҚШ-қа бөлшектеуші террорлық ұйым PKK үстінен ескерту жасады. «Тактикалық мүдделері үшін Сириядағы террористтерді он мыңдаған көлік толы, мыңдаған жүк ұшағы қарумен жабдықтағандар болашақта мұның қайғысын міндетті түрде шегеді» деді ол.

Президент Фетуллахшы террор ұйымы басшысын елінде қорғап отырған Америка Құрама Штаттарына «ФЕТО-ның Американың тек 27 штатында тек чартер мектептер арқылы мемлекеттік бюджеттен алған ақшасы – 763 миллион доллар» деді.

«Террорлық ұйым басшысы қазір Америкада,  Пенсильванияда. 400 гектарлық жерде өмір сүруде,  осы жерден әлемнің 160 еліне террор экспортталуда» деді ол.

«Әлемді тек әділет құтқарады» деген Ердоған баяндамасында «Бүгінгі таңда әлемнің ең дәулетті 62 тұлғасының байлығы Жер шары халқының шамамен жартысының, яғни 3,6 миллиард адамның байлығына тең,  бұл үлкен проблема. Түрлі жағрафияларда 258 миллион адам адамдыққа жататын шарттарда өмір сүру үшін көшіп жатса, 68 миллион адам ел-жұртынан күштеп көшірілсе,  бұл үлкен проблема. Африкада өмірге келген бір нәрестенің өлу ықтималы Нью-Йоркта дүниеге келген бір сәбиге қарағанда 9 есе артық болса, бұл үлкен проблема» деді.

Президент БҰҰ-дағы баяндамасында Сирия дағдарысының шешілуі үшін Түркияның істерін де баяндады. Түрік Қарулы күштерінің Сирияның Джераблус және Раи аймақтарын ДАИШ террорлық ұйымынан, Африн аймағын террорлық ұйым PKK-PYD-YPG-ден тазалап, 4 мың шаршы километрлік алаңды миллиондаған сириялық үшін сенімді және тыныш жерге айналдырғанын атап көрсетті. Ердоған Түркияның сириялық босқындар үшін 32 миллиард доллар жұмсағанын білдіріп: «Бұған керісінше сырттан келген қолдау халықаралық ұйымдардан 600 миллион доллар,  Еуропа Одағынан да қазірге дейін берілген көмек 1,7 миллиард евро шамасында» деді.



Ұқсас жаңалықтар