Ердоған мен Путин ортақ баспасөз жиналысы өткізді

Түркияның талпынысы Идлибте гуманитарлық трагедияның алдын алды.

1051348
Ердоған мен Путин ортақ баспасөз жиналысы өткізді

Президент Режеп Тайып Ердоған және соңғы 10 күннің ішінде екінші рет бас қосқан орыс әріптесі Владимир Путин Сирияның Идлиб аймағында қарулардан тазаланған аймақ құру жөнінде келісті.

Екі басшы Сочиде алдымен оңаша кейін делегация аралық жүзеге асқан кездесудің артынан ортақ баспасөз жиналысы өткізді.

Баспасөз жиналысында сөз алған Путин қонақ президентпен сауда саласынан бастап, екі жақты ынтымақтастықты қолға алғандарын атап көрсетті.

Саудада ұлттық валюта қолданылатынын атап көрсеткен Путин ортақ энергия жобаларының жалғасатынын атап көрсетті.

Мәдениет пен туризм тақырыптарын қолға алғандарын атап айтқан орыс басшы негізгі күн тәртіпті Идлиб тақырыбының құрғанын және бұл тақырыпта маңызды келіссөздер жасағандарын білдірді.

Сириядағы орыс базаларына шабуыл уайымдарын тілге тиек еткен Путин «Оппозиционерлердің қолдарындағы ауыр қарулармен бірге Идлибте 15-20 шақырымдық қарусыз аймақ құру үшін шегінуі тақырыбында шешімге келдік» деді.

Ердоған болса сөздеріне Ресейге сапарлай келгеніне қуанышты екенін атап, екі жақты ынтымақтастықтың әр салада ортақ саяси көзқарастар негізінде жалғасқанын мәлімдеді.

Путин мен Сирия тақырыбында көзқарас алмасқандарын атап көрсеткен Ердоған «Идлибте 15 қазан күнінен бастап, қарулардан тазаланған бір қауіпті аймақ құрып, әрі оппозиционерлердің, әрі режим күштерінің қазіргі жерлерінде қалуы тақырыбында келістік» деді.

Қарусыздандырылған аймақтың қауіпсіздігінің түрік және орыс күштері тарапынан қадағаланатынын атап көрсеткен Ердоған осылайша Идлибте үлкен бір гуманитарлық трагедияның алдын алғандарына назар аударды.

Сирия атазаңы комитетінің жұмыстарын аяқтауы және артынан өткізілетін сайлауда Сирия халқының өз таңдауын ортаға қоятынын айтқан Ердоған «Террорист топтар тек қана Идлибте емес. Ең үлкен қауіп Евфрат өзенінің шығысында қоныстанған PYD» деді.

Ердоған мен Путин 7 қыркүйек күні Астана процесінің кепілгер мемлекет басшыларының  Иранның Тегеран қаласында болып өткен үштік саммитінде Хасан Руханимен бас қосып, Идлиб тақырыбын талқылаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар