Президент Ердоған ресми сапармен Ресейге барады

Президент Режеп Тайып Ердоған дүйсенбі күні Сочиде Ресейпрезиденті Владимир Путинмен бас қосады.

1049596
Президент Ердоған ресми сапармен Ресейге барады

Президент Режеп Тайып Ердоған дүйсенбі күні баратын Ресейдің Сочи қаласында Ресей Федерациясы президенті Владимир Путинмен бас қосады.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу болса Ердоғанның дүйсенбі күні Путинмен Сирия тақырыбында кездесетінін мәлімдеді.

Ресми сапармен Пәкістанға барған Чавушоғлу Пәкістан Сыртқы істер министрі Шах Махмуд Курейшимен кездесуінің артынан ортақ баспасөз жиналысы өткізді.

Министр Чавушоғлу Идлиб мәселесімен байланысты Сирияның барлық аймақтары мен әсіресе Идлибте ең нақты саясатты Түркияның ортаға қойғанын атап, Түркияның Сирияда бейбіт және тұрақты шешім қалағанын тілге тиек етті.

Түркияның Астана мен Женевада көп тұсты күш жұмсағанына назар аударған Мевлүт Чавушоғлу Сирияның болашағына қауіп төндірген террормен күресте табанды екендерін атап айтты.

Чавушоғлу «Террор ұйымдарымен күрес тақырыбында баршамен ынтымақтастыққа дайынбыз, бірақ террор ұйымдарымен күресті сылтауратып жазықсыз әйелді, баланы, баршаны мұндай қыру адамзаттық қылмыс, мейірімсіздік. Осылайша бейбітшілік пен тыныштықты орната алмаймыз. Дүйсенбі күні президент Ердоған Путинмен қайтадан бетпе-бет кездеседі. БҰҰ-да осы талпыныстарымыз жалғасады. Түркияның бұл талпынысына барлық әлем мен халықаралық мекемелерден маңызды қолдау келеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар