Хайко Маас Түркияға алғыс айтты

Хайко Маас атысты тоқтату жөнінде тұғыр ұстанған Түркияға алғыс айтты.

1049223
Хайко Маас Түркияға алғыс айтты

Хайко Маас атысты тоқтату жөнінде тұғыр ұстанған Түркияға алғыс айтты.

Германия сыртқы істер министрі Хайко Маас Иранның астанасы Тегеранда ұйымдастырылған Сирия тақырыпты саммитте атыстың тоқтатылуы жөнінде тұғыр ұстанған Түркияға алғыс айтты.

Маас Берлинде ұйымдастырған баспасөз жиналысында Идлиб және маңында болған адамдық трагедияны тосу үшін қолынан келгендерін істегендерін айтты. Осы үшін де түрік лауазым иелерімен кездесулерін жалғастырғанын баяндаған Маас түрік лауазым иелерінің өткен апта Тегеранда орыс және ирандықтармен кездескенін, сондай-ақ атысты тоқтату жөнінде тұғыр ұстанғанын білдіріп, «Осы тақырыпта Түркияға алғыс айтамыз» деген сөздер қолданды.

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұмен алдыңғы күні кездескенін еске салған Маас бүгін де Берлинде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесіп, Сирия тақырыбын қолға алатынын атап өтті.

 


Этикеттер: #Германия , #Берлин

Ұқсас жаңалықтар