Терактіні жоспарлаған террорист ұсталды

Барлау қызметі террористті Сириядан ұстап алып келді.

1048067
Терактіні жоспарлаған террорист ұсталды
reyhanli saldiri.jpg

2013 жылы Түркияның Хатай қаласы Рейханлы ауданындағы терактіні жоспарлаған Юсуф Назик ұсталды.  Ұлттық барлау ұйымы оны Түркияға алып келді.

Рейханлыда 53 адам қаза тапқан бомбалы терактіні басқарған және Сирия барлау қызметімен байланысқа өткен Юсуф Назик Латакия қаласында анықталды.  Түркия Ұлттық барлау ұйымы операция жүргізіп, қылмыскерді ұстады.

Іздеудегі террористтер тізімінде «көгілдір» категориядағы Назик ҰБҰ тарапынан ұсталғаннан кейін Түркияға жеткізілді.

Террорист тергеуде Сирия барлау қызметінен алынған нұсқаумен Түркияда теракт жасайтын жер іздегенін, жарылғыштардың Сириядан Түркияға жеткізілуін және екі көлікке орналастыруды қамдағанын мойындады.

Террорист оайырықша Рейханлы жарылыстарында рол алғаны белгілі Мукавеме Сирияның ұйымының басшысы Михрач Урал жөнінде де мәлімет берді.

Террорист Антакияда туылғанын айтып,  отбасы жөнінде мәлімет берді,  Рейханлыдағы терактіні жоспарлағанын мойындады.

«Түркия мемлекетінен қаша алмадым,  өкінемін,  мені Сириядан ұстап алып келді.  Сириядағы жолдастарыма үн қатамын: жол жақын кезде, оралыңдар. Түрік мемлекеті сізді жерде тастамайды. Сирия мемлекетіне де үн қатамын: Түркия мемлекеті ірі, мұның есебін міндетті түрде сұрайды» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар