Президент Ердоған Германия сыртқы істер министрін қабылдады

Президенттік сарайда жүзеге асқан қабылдау шамамен 1 сағатқа жалғасты.

1044030
Президент Ердоған Германия сыртқы істер министрін қабылдады

Президент Режеп Тайып Ердоған ресми іс-сапар аясында Анкараға келген Германия Сыртқы істер министрі Хайко Маасты қабылдады.

Президенттік сарайда жүзеге асқан қабылдау шамамен 1 сағатқа жалғасты. Қабылдауға Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу да қатысты.

Маас кездесудің артынан жасаған мәлімдемеде «Түркия үлкен бір көршіден гөрі Германияның маңызды ортағы» деді.

Твиттер арқылы түрік тілінде мәлімдеме жасаған Маас «Түркия үлкен бір көршіден гөрі Германияның маңызды ортағы. Ынтымақтастығымызды одан әрі жетілдіру үшін мықты бір тұрақтылыққа иеміз. Түркияға сапарыммен осыған үлес қосқым келді. Түркия біз үшін көршіден жақын бір ел» деді.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу мен Германия Сыртқы істер министрі Хайко Маас Стамбұлда неміс лицейінің 2018-2019 оқу жылы ашылу рәсіміне қатысады.



Ұқсас жаңалықтар